codex
stringclasses
23 values
title
stringlengths
1
516
paras
listlengths
1
670
__index_level_0__
int64
3
10k
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
101-бап. Лайықты жұмыс
[ "1. Кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлікпен жетудің қолжетімді болуына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі.", "2. Жұмыс іздеуші адамның немесе жұмыссыз адамның келісуімен ғана тұрғылықты жерін өзгертуге байланысты лайықты жұмыс ұсынылуы мүмкін.", "Тұрғылықты жерден лайықты жұмысқа көлікпен жетудің қолжетімділігін мансап орталықтары қоғамдық көлік қозғалысы маршруттарының болуын және лайықты жұмыстың тұрғылықты жерден қашықтығын ескере отырып айқындайды.", "3. Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсібі (мамандығы) жоқ, сондай-ақ екі жылдан артық жұмысы болмаған адамдар үшін алдын ала кәсіптік даярлауды талап ететін жұмысты, ал оны ұсыну мүмкін болмаған жағдайда – адамдардың жас шамасы мен өзге де ерекшеліктері және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптары ескеріле отырып, ақы төленетін басқа жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.", "4. Мүгедектігі бар адам үшін оның тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі ескеріле отырып, оған қолжетімді болуы қамтамасыз етілген жағдайдағы жұмыс, ал үш жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі.", "5. Алдын ала даярлықты талап ететін немесе талап етпейтін (азаматтардың жас шамасы мен өзге де ерекшеліктерін ескере отырып) уақытша сипаттағы жұмыс:", "1) бірінші рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ;", "2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;", "3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар;", "4) ұзақ (екі жылдан астам) үзілістен кейін еңбек қызметін қайта жалғастыруға талпынғандар, сондай-ақ мансап орталықтары оқуға жібергендер және дәлелсіз себеппен оқуын тоқтатқандар;", "5) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем тоқтатылғаннан кейін кәсіптік оқытудан немесе қосымша білім алудан бас тартқан адамдар қатарындағы жұмыс іздеуші адамдарға және жұмыссыздарға лайық деп есептеледі." ]
124
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
102-бап. Платформалық жұмыспен қамту
[ "1. Платформалық жұмыспен қамту интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтер көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызмет түрін білдіреді.", "2. Платформалық жұмыспен қамтудың тараптары:", "1) интернет-платформаның операторы (бұдан әрі – Оператор) –интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;", "2) тапсырыс беруші – интернет-платформада тіркелген, онда қызметтер көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тапсырыс орналастыратын жеке немесе заңды тұлға;", "3) орындаушы – интернет-платформада тіркелген, жария шарт негізінде интернет-платформаларды пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.", "3. Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін тапсырыс беруші мен орындаушы интернет-платформада және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильді қосымшасында тіркеледі.", "Оператор мен тапсырыс беруші, сондай-ақ орындаушы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес реттеледі.", "4. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау үшін орындаушы-заңды тұлға жұмыскерлерді тартқан жағдайда, олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресімделеді." ]
125
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
102-1-бап. Интернет-платформаларды және (немесе) платформалық жұмыспен қамтудың мобильдік қосымшаларын пайдалана отырып, қызметтерді көрсету немесе жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру
[ "\nЗҚАИ-ның ескертпесі!\n\n\n1-тармақтың 01.01.2026 бастап қолданыста енгізілетін редакциясын осы Кодекстің 263-бабынан қараңыз.", "1. Оператор арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың кірістерінен осы Кодекске сәйкес міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды, \"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы\" Қазақстан Республикасының\nЗаңына\nсәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды және \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасының Кодексіне (\nСалық кодексі\n) сәйкес жеке табыс салығын ұстап қалуды және ұсталған сомаларды аударуды жүргізеді.", "2. Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге тиісті әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі орындаушының өзінің таңдауы бойынша әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің бір пайызы мөлшерінде немесе осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерде айқындалады.", "Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірісі олар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.", "Бұл ретте айына әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 7 еселенген ең төмен мөлшерінен аспауға тиіс.", "3. Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылар үшін Оператор төлеуге тиісті міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі орындаушының өзінің таңдауы бойынша міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірістің бір пайызы мөлшерінде немесе осы Кодекстің 249-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мөлшерде айқындалады.", "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірісі түсініледі.", "Бұл ретте айына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының 50 еселенген ең төмен мөлшерінен аспауға тиіс.", "4. Орындаушының осы баптың 2 және 3-тармақтарына сәйкес әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарының, \"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы\" Қазақстан Республикасының\nЗаңына\nсәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың мөлшерлемелерін айқындауының, сондай-ақ Оператордың осы бапта көрсетілген жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды ұстап қалуы мен аударуының тәртібін денсаулық сақтау саласында, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, ақпараттандыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды." ]
126
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
103-бап. Жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамтуға қатысуы
[ "1. Жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға:", "1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек және ұжымдық шарттардың талаптарын сақтай отырып, жұмысқа орналасуға жәрдем көрсету;", "2) персоналды кәсіптік оқыту жүйесін дамыту;", "3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары арқылы кадрлар даярлау;", "4) құрылымдық өзгерістер барысында білікті жұмыскерлердің кадрлық әлеуетін сақтау және ұтымды пайдалану;", "5) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын ұсыну;", "6) жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген, оның ішінде мансап орталықтары, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жіберген адамдарды бар бос орындарға ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес қабылдау;", "7) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құру;", "8) мансап орталықтарына (еңбек мобильділігі орталығына) және (немесе) Электрондық еңбек биржасына сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындарды және жұмыс орындарының болжамды құрылуы туралы деректерді беру;", "9) жұмыс орындарын құру жолымен қатысады.", "2. Жұмыс беруші:", "1) мемлекеттік қызметшілердің, сайланбалы мемлекеттік лауазымдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті және мәслихаттары депутаттарының, судьяларының, әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, бос орындар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бос орындардың бар-жоғы туралы мәліметтерді Электрондық еңбек биржасына еңбек жағдайлары мен төлемін көрсете отырып орналастыруға;", "2) мансап орталығына (еңбек мобильділігі орталығына) жұмыс беруші- жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына не жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты алдағы уақытта жұмыскерлердің жұмыстан босатылатыны туралы, босатылу қатысты болуы ықтимал жұмыскерлердің саны мен санаттары туралы ақпаратты жұмыстан босатылатын жұмыскерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олар босатылатын мерзімдерді көрсете отырып, босату басталғанға дейін бір айдан аз уақыт бұрын жазбаша немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы толық көлемде беруге;", "3) жұмыс беруші-заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндірістердің және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, жұмыссыз адам оқуын аяқтағаннан кейін оны өз өтінімі бойынша мәлімделген жұмыс орнына орналастыруға немесе мансап орталығының (еңбек мобильділігі орталығының) оқытуға жұмсаған шығыстарын өтеуге;", "4) жұмыс беруші-заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған, жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндірістердің, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі төмендеген жағдайларды қоспағанда, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін белгіленген квотаны орындауға;", "5) жұмысқа қабылдау үшін бос орындар туралы ақпаратта еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптарға жол бермеуге;", "6) осы Кодекске сәйкес зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік аударымдарды жүргізуге;", "7) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуге (ұстап қалуға) және аударуға (төлеуге) міндетті.", "3. Жұмыс берушінің:", "1) өзіне тікелей жүгінген адамдарды мансап орталықтары, сондай-ақ жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері жіберген адамдармен теңдей жағдайда жұмысқа қабылдауға;", "2) еңбек нарығының жай-күйі туралы ақпаратты өтеусіз негізде алуға;", "3) мансап орталықтарынан жұмыссыздарды іріктеу және жұмысқа орналасуға жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді алуға;", "4) уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысуға;", "5) мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құруға субсидия алуға құқығы бар." ]
127
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
104-бап. Мансап орталықтары жұмыскерлерінің консультациясы
[ "Мансап орталықтарының жұмыскерлері жүгінген адамдарға:", "1) бос тұрған (бос) жұмыс орындарының болуы және сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде жұмыс орындарының болжамды құрылатыны туралы;", "2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері мен шарттары;", "3) жұмыс іздеуші адамдар мен жұмыссыздардың кепілдіктері, құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат береді." ]
129
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
105-бап. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
[ "1. Жұмыс іздеуші адамдардың, жұмыссыздардың, қандастардың, сондай-ақ студенттердің, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік кәсіптік бағдар алуға құқығы бар.", "2. Әлеуметтік кәсіптік бағдар:", "1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша жұмысқа орналасу немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіби ақпарат беруді;", "2) адамның кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығындағы қажеттіліктердің негізінде жұмыс орны мен кәсіп таңдауда кәсіби консультацияны;", "3) адамдардың нақты кәсіп (мамандықтар) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.", "3. Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.", "4. Мансап орталықтары әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өткен адамдар туралы мәліметтерді әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінде және (немесе) Электрондық еңбек биржасында орналастырады." ]
130
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
106-бап. Еңбек делдалдығын көрсету
[ "1. Мансап орталықтарына және (немесе) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне жүгінген жұмыс іздеуші адамдардың, жұмыссыздардың немесе жұмыс берушілердің еңбек делдалдығына құқығы бар.", "2. Мансап орталықтары:", "жұмыс берушілер үшін:", "1) персоналды іріктеуді жүзеге асырады;", "2) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша консультация береді;", "3) олардың өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуды ұйымдастырады және әлеуметтік келісімшарт жасасады;", "4) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыруға шарт жасасады;", "5) субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған адамдардың жалақысын толық немесе ішінара субсидиялайды;", "ізденушілер үшін:", "1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мәселелері бойынша консультация береді;", "2) жұмыссыздарды еңбек нарығына орнықты интеграциялау мақсатында оларды жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын қалыптастырады;", "3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар береді.", "3. Мансап орталықтары уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен еңбек делдалдығын көрсетеді.", "4. Еңбек мобильділігі орталығы жұмыспен қамтудың жекеше агенттігімен халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт жасасуға құқылы.", "Еңбек мобильділігі орталығы халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Электрондық еңбек биржасында оның жасалғаны туралы ақпаратты орналастырады.", "Халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті тиісті тәжірибесі, материалдық және еңбек ресурстары болуға тиіс.", "Көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын, көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын, аутсорсинг шеңберінде ұсынылатын көрсетілетін қызметтердің тізбесін, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.", "5. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің:", "1) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жүгінген адамдарға консультация беруге;", "2) жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы ақпарат беруге және еңбек делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуға;", "3) бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілер мен жұмысқа орналасқысы келетін адамдар туралы мәліметтерді қалыптастыруға;", "4) жұмыскерлерді жұмыс берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін ескере отырып, іріктеуді жүзеге асыруға;", "5) жүгінген адамдарды кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастыруға;", "6) еңбек мобильділігі орталығынан еңбек нарығының жай-күйі туралы ақпаратты өтеусіз негізде алуға;", "7) жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру, кәсіптік оқыту мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, еңбек мобильділігі орталықтарымен, мансап орталықтарымен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасауға;", "8) осы Кодекске сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға құқығы бар.", "6. Жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі:", "1) кемсітушіліктің кез келген нысанына жол бермеуге;", "2) жүгінген адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;", "3) бала еңбегін пайдалануға, адамдарды сексуалдық тұрғыдан және (немесе) өзгеше түрде пайдалану үшін азғырып-көндіруге жол бермеуге;", "4) жүгінген адамдармен еңбек делдалдығы бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы шарттар жасасуға;", "5) кәсіптер (мамандықтар) бөлінісінде еңбек делдалдығы үшін жүгінген және жұмысқа орналасқан адамдардың саны туралы, сондай-ақ мансап орталықтарында тіркелген және жұмысқа орналасу үшін жұмыспен қамтудың жекеше орталықтарына жіберілген адамдар туралы ақпаратты Электрондық еңбек биржасы арқылы еңбек мобильділігі орталығына тоқсан сайын беруге міндетті." ]
132
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
107-бап. Жұмыс орындарының квоталары
[ "1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары белгілейтін жұмыс орындары квотасының шеңберінде жұмысқа орналасуға:", "1) мүгедектігі бар адамдардың;", "2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың;", "3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың;", "4) он сегіз жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтардың құқығы бар.", "2. Жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны 50 адамнан асатын және одан жоғары жұмыс берушілерге мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде квота белгілейді.", "3. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың саны жұмыскерлердің жылдық орташа санының жиырма пайызынан астамын құрайтын ұйымдарға квота белгіленбейді.", "4. Осы баптың 1-тармағында көзделген квоталарды белгілеу кезінде жіберуші тарап жұмыскерлерінің тізімдік санында персоналды ұсыну жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған шартқа сәйкес жұмысқа тартылатын жұмыскерлер есепке алынбайды." ]
134
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
108-бап. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын ұйымдастыру
[ "1. Арнаулы жұмыс орны мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру және олардың жұмыспен қамтылуын сақтау үшін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ол құрылған кезден бастап кемінде күнтізбелік он екі ай мерзімге құрылады.", "2. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орнын құруды жұмыс беруші мансап орталықтарымен (еңбек мобильділігі орталығымен) жасалған шарт негізінде жүзеге асырады. Мүгедектігі бар адамдардың жұмыс орнының стандартын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді." ]
135
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
109-бап. Кәсіптік оқыту
[ "1. Жұмыссыздар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының және қандастардың екі жыл ішінде бір рет кәсіптік оқуға құқығы бар.", "2. Кәсіптік оқыту кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды қамтиды және:", "1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру қызметіне құқығы бар жұмыс берушілердің жанындағы оқу орталықтарында (бұдан әрі – оқу ұйымдары) немесе жұмыс берушінің өтінімі бойынша жұмыс берушінің жұмыс орнында;", "2) сұранысқа ие кәсіптер тізбесі бойынша Электрондық еңбек биржасында жүзеге асырылады.", "Кәсіптік оқытуды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.", "3. Кәсіптік оқытуға жолдаманы, егер:", "1) қажетті кәсіптік біліктіліктің болмауы салдарынан лайықты жұмыс таңдау мүмкін болмаса;", "2) кәсіптік дағдыларға сай келетін жұмыстың болмауына байланысты кәсіпті (мамандықты), кәсіп түрін өзгерту қажет болса;", "3) бұрынғы кәсібі бойынша жұмысты орындау қабілеті жоғалса, мансап орталығы береді.", "4. Оқуды өз бетінше, дәлелді себепсіз тоқтатқан адамдар жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап күнтізбелік бір жыл өткен соң, бірақ бір реттен асырмай, оқуға қайта жіберілуі мүмкін." ]
137
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
110-бап. Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу
[ "1. Уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған жеке тұлғалардың жекелеген санаттарының кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді алуға құқығы бар.", "2. Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу:", "1) кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;", "2) жаңа бизнес идеяларды іске асыруға өтеусіз гранттар беру;", "3) қайтарымды негізде микрокредит беру арқылы көрсетіледі.", "3. Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды." ]
138
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
111-бап. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру
[ "1. Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмыссыздардың, денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға қатысатын студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының оқудан бос уақытта жұмысқа орналасуға құқығы бар.", "2. Жұмыс беруші мансап орталығымен шарттық негізде субсидияланатын жұмыс орындарын құрады, оларды құру кезінде тұрақты жұмыс орындарына арналған бос орындар пайдаланылмайды.", "Субсидияланатын жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.", "3. Жұмыс беруші мен еңбек мобильділігі орталығы арасындағы субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шарт Электрондық еңбек биржасы арқылы жасалады.", "4. Субсидияланатын жұмыс орындары алған кәсібі (мамандығы) бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға жәрдемдесу немесе қолда бар еңбек дағдыларын сақтау үшін ұйымдастырылады.", "5. Еңбек мобильділігі орталығы:", "1) субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты айқындайды;", "2) субсидияланатын жұмыс орындарын құруға өтінім берген ұйымдардың тізбесін және ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын бекітеді.", "6. Субсидияланатын жұмыс орындарына жіберуге осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамның келісуімен ғана жол беріледі, бұл ретте олардың денсаулық жағдайы, жасы, кәсіби және басқа да жеке ерекшеліктері ескеріледі.", "Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адам он сегіз жасқа толмаған болса, оны субсидияланатын жұмыс орындарына жіберуге оның заңды өкілдерінің келісімімен жол беріледі.", "7. Субсидияланатын жұмыс орындарында еңбек қызметін дәлелді себептерсіз өз бетінше тоқтатқан адамдар жұмыссыз ретіндегі есептен шығарылады және жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қайтадан қатыса алады.", "8. Субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.", "9. Субсидияланатын жұмыс орындарының тізбесін, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылатын адамдарға қойылатын талаптарды, олардың жалақысын субсидиялау мөлшері мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.", "10. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды." ]
139
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
112-бап. Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу
[ "1. Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу жөніндегі шараларға қатысуға жұмыс іздеуші адамдардың және (немесе) жұмыссыздардың, қандастардың, сондай-ақ жұмыс берушілердің құқығы бар.", "2. Жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару үшін:", "1) он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен түлектері;", "2) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;", "3) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына алып келген өндірістер және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады.", "3. Еңбек мобильділігі орталықтары жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін адамдардың жаңа тұрғылықты жерге:", "1) бір облыс шегінде экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан экономикалық даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерге, моноқалаларға, аудандық (облыстық) маңызы бар қалаларға;", "2) ерікті түрде қоныс аударуды көздейтін Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасына сәйкес қоныс аударушыларды және қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.", "4. Ерікті түрде қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау:", "1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге, тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен экономикалық мобильділік сертификаттары түрінде материалдық көмек беруді;", "2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй ұсынған жағдайларды қоспағанда, қызметтік тұрғынжай немесе жатақханалардан бөлме беруді;", "3) жұмыс берушінің қажеттілігі болған кезде кәсіптік оқытуды;", "4) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесуді;", "5) жұмысқа орналасуға субсидиялар бере отырып, жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті қоныс аудару шараларына қатысатын жұмыс берушілерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды.", "5. Еңбек мобильділігі орталығы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін нысан бойынша ерікті түрде қоныс аударуға қатысушы тараптармен әлеуметтік келісімшарт жасасады.", "6. Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды." ]
140
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
113-бап. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы
[ "1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы осы Кодекстің 99-бабына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы туындайды.", "\n\n2. Мансап орталығы алушыны субсидияланатын жұмыс орнына, кәсіптік оқуға жіберген кезде оның жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы сақталады.", "3. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға жүгіну мерзімі жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы туындаған күннен бастап он екі айдан аспауға тиіс.", "4. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) Қордың кінәсінан уақтылы алынбаған не толық алынбаған жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем сомасы оған құқық туындаған күннен бастап өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей төленеді.", "5. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін жүгінген күннен кейін Қорға оны есептеуге қабылданған кезең үшін әлеуметтік аударымдар түскен жағдайда, алушыға жұмысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді." ]
142
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
114-бап. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау мен жүзеге асыру тәртібі
[ "1. Әлеуметтік төлем алуға құқығы бар адамның өтініші жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға негіз болып табылады.", "2. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем \"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы\" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде оны тағайындау үшін өтініш беру талап етілмейді.", "3. Егер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмыссыз ретінде тіркелсе, оның мансап орталығының жолдамасы бойынша субсидияланатын жұмыс орындарына, кәсіптік оқуға қатысу фактісіне қарамастан, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалады.", "4. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды." ]
143
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
115-бап. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға арналған өтінішті қабылдаудан және оны тағайындаудан бас тарту
[ "1. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға арналған өтінішті қабылдаудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:", "1) уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау, жүзеге асыру, проактивті көрсетілетін қызмет арқылы оны тағайындауға өтініш беру немесе келісім беру фактілерін растайтын мәліметтерді алу;", "2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) қолданылу мерзімі жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған күні аяқталатын құжаттарды ұсынуы;", "3) жеке басты куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны ауыстырудан басқа) оны тағайындауға қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;", "4) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға құқығының болмауы;", "5) өтініш берушінің жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берген келісімінің болмауы;", "6) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік тәуекел туындаған айдың алдындағы соңғы жиырма төрт айда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін әлеуметтік аударымдардың төленбеуі;", "7) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының осы Кодекске сәйкес айқындалған жүйеге қатысу өтілінің алты айдан кем болуы.", "2. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:", "1) өтініш берушінің жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау;", "2) өтініш берушінің және (немесе) ол ұсынған, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;", "3) тексеру кезінде Қор сұратып отырған, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға қажетті құжатты және (немесе) мәліметтерді ұсынбауы." ]
144
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
116-бап. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушының құқықтары мен міндеттері
[ "1. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушының:", "1) осы Кодексте көзделген тәртіппен жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алуға;", "2) Мемлекеттік корпорациядан және Қордан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегін алуға;", "3) мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік корпорацияның және Қордың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.", "2. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алушы:", "1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін толық және анық құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуға;", "2) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу кезеңінде Мемлекеттік корпорацияны төлемді тоқтатуға негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге;", "3) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтаруды жүргізуге міндетті." ]
145
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
117-бап. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу
[ "1. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен 10 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және осы Кодекске сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.", "2. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің алушының өтініші негізінде ұсталатын артық есепке жатқызылған (төленген) сомаларын қоспағанда, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін.", "3. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жүргізіледі.", "4. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен төленуге тиісті соманың 25 пайызынан көп ұстап қалуға болмайды." ]
146
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
118-бап. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындаудың шарты мен мөлшері
[ "1. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен бастап:", "ол үшін алты айдан он екі айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы бір айға;", "ол үшін он екі айдан жиырма төрт айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы екі айға;", "ол үшін жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы үш айға;", "ол үшін отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы төрт айға;", "ол үшін қырық сегіз айдан алпыс айға дейін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы бес айға;", "ол үшін алпыс және одан да көп айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда – ұзақтығы алты айға, бірақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында көзделген жасқа толған мерзімнен асырылмай тағайындалады.", "2. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшерін тиісті кірісті алмастыру және қатысу өтілі коэффициенттеріне көбейту жолымен айқындалады және Қордың активтері есебінен төленеді.", "3. Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген орташа айлық кіріс мөлшері жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу құқығы туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістер сомасын жиырма төртке бөлу жолымен айқындалады.", "Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдерінде алынған кіріс төлеуші беретін кірістер туралы анықтаманың негізінде орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезінде ескеріледі.", "Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу кезеңдері орташа айлық кіріс мөлшерінің есебінен алып тасталады және орташа айлық кіріс мөлшерін айқындау кезеңі басталардың тура алдындағы басқа айлармен ауыстырылады.", "Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.", "Кірісті ауыстыру коэффициенті 0,45-ті құрайды.", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін қатысу өтілінің коэффициенті:", "алты айдан он екі айға дейін – 0,7-ні;", "он екі айдан жиырма төрт айға дейін – 0,75-ті;", "жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін – 0,85-ті;", "отыз алтыдан қырық сегіз айға дейін – 0,9-ды;", "қырық сегіз айдан алпыс айға дейін – 0,95-ті;", "алпыс айдан жетпіс екі айға дейін – 1,0-ді құрайды;", "алпыс және одан да көп айдан бастап – 1,0-ге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 0,02 қосылады, бірақ 1,3-тен аспайды.", "Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу кезеңдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері, сондай-ақ \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының\n51) тармақшасына\nсәйкес 2020 жылғы 1 сәуір – 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салынуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі есепке алынады.", "4. Егер төлеуші артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімдерде және жағдайларда қайтаруды жүзеге асырмаған болса, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары есепке алынбайды.", "5. Бұдан кейінгі жүгіну кезінде жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бұрын алынған жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың жалпы өтілінен он екі ай шегерілетіні негізге алына отырып тағайындалады.", "6. Сот актілері мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының актілері негізінде заңсыз деп танылған кірістен түскен, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау кезінде ескерілген кезең үшін төленген әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін кейінгі жүгінуі кезінде есепке алынбайды." ]
147
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
119-бап. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
[ "1. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады:", "1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәлімет. Бұл ретте әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күнінен бастап қайта басталады;", "2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәлімет. Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;", "3) өтініш берушінің жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәлімет. Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күнінен бастап осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қайта басталады.", "2. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алуға құқық сақталған жағдайда, ақпараттық жүйелерден алынған, әлеуметтік төлемді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде алушының өтініші бойынша қайта басталады.", "3. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:", "1) алушы қайтыс болған (соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген) жағдайда тоқтатылады. Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушының қайтыс болған айын қоса алғанда (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген айды қоса алғанда) жүзеге асырылады;", "2) алушының жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;", "3) алушының жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;", "4) мансап орталығында алушыны жұмыссыз ретінде есептен шығарған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап;", "5) алушының \"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы\" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады." ]
148
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
120-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы
[ "1. Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.", "2. Адамдардың (отбасылардың) шартсыз ақшалай көмек немесе шартты ақшалай көмек түріндегі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.", "3. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін уәкілетті мемлекеттік орган статистика саласындағы мемлекеттік орган есептейтін халықтың медианалық кірісі негізінде мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты орташа есеппен жан басына шаққандағы пайыздық мәнде айқындайды.", "4. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған кедейлік шегінің мөлшерін негізге ала отырып, жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептейді.", "Бұқаралық ақпарат құралдарында:", "1) жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын – кедейлік шегі;", "2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша – кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі туралы ақпаратты жариялайды.", "5. Атаулы әлеуметтік көмек оны алуға құқығы бар отбасының әрбір мүшесіне тағайындалады.", "Атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасы құрамына:", "1) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі;", "2) мерзімді әскери қызметтегі;", "3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысқан, бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын адамдар енгізіледі.", "Бірге тұру фактісі:", "1) отбасының тұрғылықты жерінен тыс еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдарға немесе отбасы мүшелеріне;", "2) отбасында тұратын және отбасының тұрғылықты жерінде осы деңгейдегі білім беру ұйымының болмауына байланысты орта білім беру ұйымдарында оқу орны бойынша басқа елді мекенде тіркелген балаларға;", "3) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерді қоспағанда, интернат ұйымдарында білім алатын, сондай-ақ он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларға талап етілмейді." ]
150
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
121-бап. Шартсыз ақшалай көмек
[ "Шартсыз ақшалай көмек:", "1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын кірісі аз адамдарға:", "осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына;", "бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне;", "екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты;", "2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе еңбекке қабілетті жалғыз мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын кірісі аз отбасыларға көрсетіледі." ]
151
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
122-бап. Шартты ақшалай көмек
[ "1. Шартты ақшалай көмек осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде қызметі \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 213-бабы 1-тармағының\n1) тармақшасына\nсәйкес тоқтатыла тұрған дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда және (немесе) әлеуметтік бейімдеу қажеттілігі болған кезде көрсетіледі.", "2. Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындаудың міндетті талабы болып табылады.", "Шартты ақшалай көмекті алушылармен әлеуметтік келісімшарт шартты ақшалай көмек тағайындау кезеңіне жасалады.", "Әлеуметтік келісімшарттың, жеке көмек көрсету жоспарының нысандарын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.", "3. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт кірісі аз адам (отбасы) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды толық көлемде орындамаған, сондай-ақ шартты ақшалай көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге алып келген жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсынылған кезде бұзылады.", "Әлеуметтік келісімшартты бұзу адамға (отбасына) шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтатуға негіз болып табылады.", "4. Шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу:", "1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;", "2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға;", "3) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарға;", "4) үш жасқа дейінгі балаға күтім жасайтын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.", "Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адам ретінде отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін;", "5) тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды." ]
152
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
123-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі
[ "1. Өтініш беруші Отбасының цифрлық картасында кірісі туралы ақпарат болмаған кезде осы тарауға сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алу құқығын тоқсан сайын растайды.", "2. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапты болады.", "3. Шартсыз немесе шартты ақшалай көмек оны алуға құқығы бар отбасының әрбір мүшесіне өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.", "Атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалған кезде учаскелік комиссияның адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге өтініш берушінің келісімін алған күн көрсетуге өтініш берілген күн болып есептеледі.", "4. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттер атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жеке жоспарды іске асыруға және олардың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындауына жәрдемдеседі.", "5. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін тиісті бюджетте көзделген сомалар шегінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.", "6. Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары \"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы\" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес кірісі аз адамдарды анықтауды жүзеге асырады.", "7. Өтініш беруші мен алушының қала, ауыл, ауылдық округ әкімінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) және атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған орғанға, сотқа шағым жасауға құқығы бар." ]
153
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
124-бап. Учаскелік комиссиялар
[ "1. Учаскелік комиссиялар жергілікті атқарушы органдарға және кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметте жәрдемдеседі.", "Учаскелік комиссиялар атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайы туралы қорытындылар дайындайды.", "2. Учаскелік комиссиялар жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, мүлік иелері бірлестіктерінің, көппәтерлі тұрғын үйлердің жай серіктестіктерінің (жай серіктестіктер), халықтың, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құралуы мүмкін.", "3. Учаскелік комиссиялар өз қызметін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті өкілді органдармен келісу бойынша бекітетін учаскелік комиссиялар туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.", "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді." ]
154
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
125-бап. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытынды шығару өлшемшарттары
[ "1. Учаскелік комиссияның өтініш берушіге және (немесе) осы Кодекстің 120-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келетін адамдарға атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттілігінің жоқтығы туралы қорытынды шығару үшін мынадай өлшемшарттардың бірі:", "1) барлық тұрғын үйлердің жалпы пайдалы алаңы отбасының бір мүшесіне он сегіз шаршы метрден аспайтын жағдайды, сондай-ақ тиісті актімен расталған авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерді қоспағанда, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген кезге дейін соңғы бес жыл ішінде иеліктен шығарылған тұруға жарамды, өзіне (өздеріне) меншік құқығында тиесілі біреуден артық тұрғын үйдің болуы;", "2) өзінің (өздерінің) меншігінде, иелігінде және (немесе) пайдалануында пайда алу мақсатында пайдаланылатын жекеленген үй-жайдың болуы;", "3) жергілікті атқарушы орган жер учаскесін жеке меншікке өтеусіз берген жағдайды қоспағанда, өзінің (өздерінің) меншігінде тұрғын жай болған кезде, өзінің (өздерінің) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы;", "4) көп балалы отбасыларды және мүгедектігі бар балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды қамтитын отбасыларды қоспағанда, өзінің (өздерінің) меншігінде бір бірліктен көп техникалық жағынан жарамды жеңіл автомобильдің болуы;", "5) өзінің (өздерінің) меншігінде және (немесе) уақытша иелігінде, пайдалануында техникалық жағынан жарамды жағдайда ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) жолаушыларды, багажды, жүкті тасымалдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын автобустың және (немесе) шағын автобустың және (немесе) жүк көлігінің және (немесе) мамандандырылған және (немесе) арнаулы көлік құралының не теңіз және (немесе) ішкі су және (немесе) әуе көлігінің болуы негіз болып табылады.", "Жергілікті атқарушы орган жергілікті өкілді органның келісімі бойынша өңірдің ерекшеліктерін және (немесе) адамның (отбасының) материалдық жағдайын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек беру қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы туралы қорытынды шығару үшін қосымша негіздерді белгілей алады.", "2. Учаскелік комиссиялардың тексеру жүргізу үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратуға құқығы бар." ]
155
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
126-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау
[ "1. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа кіріс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада отбасының әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді.", "2. Осы Кодекске сәйкес балаларға қосымша төлем бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңіне жүргізіледі.", "3. Атаулы әлеуметтік көмекті алушы атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің өзгеруі немесе оны алу құқығы үшін негіз бола алатын мән-жайлар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде – мансап орталығын, ал ауылдық жерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімін хабардар етуге міндетті.", "4. Өтініш жасаудан алдыңғы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа кіріс және тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері мынадай жағдайларда:", "отбасының құрамы өзгерген жағдайда – отбасы құрамы өзгерген күннен бастап;", "өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті алу мақсатында жалған мәліметтерді және (немесе) анық емес құжаттарды беруін қоспағанда, отбасының жиынтық кірісін айқындау кезінде ескерілмеген фактілер немесе мәліметтер анықталған жағдайда өтініш жасалған айдан бастап қайта есептеледі.", "Атаулы әлеуметтік көмектің артық төленген және (немесе) заңсыз алынған сомалары ерікті түрде, ал одан бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.", "Атаулы әлеуметтік көмектің артық төленген және (немесе) заңсыз алынған сомалары одан әрі алу кезінде келесі төлемдерден ұсталады.", "5. Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есепті құжаттаманың нысандарын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді." ]
156
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
127-бап. Жан басына шаққандағы орташа кірісті есептеу
[ "1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін айқындау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде ұсынылған өтініштің және (немесе) Отбасының цифрлық картасының және (немесе) ұйымдардың деректері негізінде алынған мәліметтердің негізінде жүргізіледі.", "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсты және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындауға құқылы.", "Атаулы әлеуметтік көмекті алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.", "2. Жан басына шаққандағы кіріс атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда алынған жиынтық кірісті отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу жолымен есептеледі." ]
157
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
128-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тарту
[ "Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартуға:", "1) отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісінің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен асуы;", "2) учаскелік комиссияның материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш берушінің бас тартуы;", "3) адамның (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған, учаскелік комиссияның мұқтаждықтың жоқтығы туралы қорытындысы;", "4) осы Кодекстің 122-бабының 4-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, отбасының еңбекке қабілетті мүшесінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде бас тартуы;", "5) алушының кінәсінан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшартты бұзу және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындамау – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайталап өтініш бергеннің алдындағы алты ай ішінде;", "6) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттарды олар ұсынылған күннен бастап алты ай ішінде ұсыну негіз болып табылады." ]
158
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
129-бап. Атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату
[ "Атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтату үшін:", "1) атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушінің қайтыс болуы;", "2) атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушінің республикалық не облыстық маңызы бар басқа қалаға, ауданға немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуі;", "3) әлеуметтік келісімшарттың талаптарын және жеке жоспардың іс-шараларын, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу және жұмысқа орналастыру жөніндегі іс-шараларды толық көлемде орындамауға байланысты әлеуметтік келісімшартты бұзу;", "4) атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға және (немесе) төлеуге әкеп соққан жалған мәліметтерді және (немесе) анық емес құжаттарды ұсыну негіз болып табылады." ]
159
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
130-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын мониторингтеу
[ "Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын мониторингтеуді уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тиісті бюджеттің атқарылуын бақылау шеңберінде жүзеге асырады.", "Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді әдіснамалық тұрғыдан басқаруды уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады." ]
160
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
131-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алу құқығы
[ "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдар (отбасылар) осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алуға құқылы." ]
163
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
132-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің түрлері
[ "1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемін қамтиды.", "2. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға) бюджет қаражаты есебінен беріледі.", "3. Осы Кодекстің 133-бабының\n3-тармағында\nкөзделген жағдайды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемі облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті өкілді органдары бекіткен тізбе мен тәртіпке сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметті алушының қаражаты есебінен беріледі.", "4. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласындағы тиісті уәкілетті органдар мен өзге де тиісті орталық атқарушы органдар бекітетін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес болуға тиіс.", "5. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынудың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді." ]
164
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
133-бап. Адамды (отбасын) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танудың негіздері
[ "1. Адам (отбасы) мынадай негіздер:", "1) жетімдік;", "2) ата-ана қамқорлығының болмауы;", "3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;", "4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;", "5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;", "6) мүгедектік және (немесе) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;", "7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;", "8) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;", "9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;", "10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);", "11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;", "12) пробация қызметінің есебінде болу бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылады.", "2. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездіктің болуын бағалау өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі уәкілетті мемлекеттік органмен және білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп айқындайды.", "Жасалған әрекеттер бойынша қылмыстық іс қозғау фактісінің болуына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар саудасына, оларды қанаудың басқа да түрлеріне, сондай-ақ адам ұрлауға байланысты іс-әрекеттер әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездіктің нысандары болып табылады.", "3. Осы баптың\n1-тармағында\nкөрсетілген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждар қатарына жатпайтын адамға (отбасына), сондай-ақ әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықты күш қолдана отырып жасаған адамға сот ерекше талаптар белгілеген кезеңде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады." ]
165
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
134-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері
[ "1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамның (отбасының):", "1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің көрсетілуіне жүгінуге;", "2) өзінің құқықтары, міндеттері мен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу шарттары туралы ақпарат алуға;", "3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер қажеттілігіне бағалау жүргізуге және оны айқындауға қатысуға;", "4) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілгеннен тыс көлемін көрсететін субъектілерді таңдауға;", "5) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алуға немесе олардан бас тартуға;", "6) лауазымды адамдардың, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъектілердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен жоғарғы тұрған органға, сотқа шағым жасауға;", "7) лауазымды адамдарға немесе арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілерге мәлім болған жеке сипаттағы ақпараттың құпиялылығына құқығы бар.", "2. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адам (отбасы):", "1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер қажеттілігін айқындау және оны көрсету туралы шешім қабылдау үшін толық және анық ақпарат беруге;", "2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау процесіне кедергі жасамауға;", "3) өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға қамқорлық жасауға және бірлесіп жауапты болуға;", "4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету субъектілерін оларды көрсетуге әсер ететін мән-жайлардың өзгергені туралы уақтылы хабардар етуге;", "5) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын ұйым мамандарының ұсынымдарын орындауға;", "6) әлеуметтік жұмыскерлердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;", "7) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтауға міндетті." ]
166
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
135-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъектілердің құқықтары мен міндеттері
[ "1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілер:", "1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған конкурстарға, стратегиялық әріптестікті іске асыруға Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырысқа, гранттарға және сыйлықақыларға қатысуға;", "2) арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілгеннен тыс көлемін көрсетуге;", "3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыруға;", "4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің көлемі мен түрлеріне бағалау жүргізу және оны айқындау үшін қажетті ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан сұратуға және алуға құқылы.", "2. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілер:", "1) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға;", "2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету үшін қажетті жағдайлар жасауға;", "3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушылардың және олардың отбасы мүшелерінің қадір-қасиетін құрметтеуге;", "4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушыларға және олардың отбасы мүшелеріне қатысты адамгершілікпен қарауға және кемсітушілік әрекеттерге жол бермеуге;", "5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету кезінде құпиялылықты қамтамасыз етуге;", "6) әлеуметтік жұмыскерлерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндетті.", "3. Әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді көрсететін ұйымдар қызметінің тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді." ]
167
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
136-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың тіркелімі мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі
[ "1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдардың тіркелімі – әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілер ретінде тіркелген ұйымдардың электрондық тізбесі.", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі – әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың электрондық тізімі.", "2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ұйымдар мен мамандарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық нысанда есепке алу үшін қалыптастырылады.", "3. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімінде және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімінде қамтылған мәліметтер арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар мен мамандардың келісімімен жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады." ]
168
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
137-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықтың туындауының алдын алу
[ "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықтың туындауының алдын алу адамды (отбасын) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп тану негіздерін анықтауға және олардың алдын алуға бағытталған." ]
170
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
138-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл
[ "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықтың туындауының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар белгіленген құзыреттері шегінде:", "1) адамды (отбасын) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ықтимал мұқтаж деп тануға болатын негіздерді анықтау;", "2) адамның (отбасының) тыныс-тіршілігі жағдайларын тексеру, осы жағдайлардың нашарлауына әсер ететін себептерді айқындау;", "3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықтың туындауын болдырмауға ықпал ететін жеке іс-шаралар жоспарын жасау;", "4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықтың туындауының алдын алу нәтижелерін талдау;", "5) Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде адамның (отбасының) әлеуметтік әл-ауқатын мониторингтеу және болжамдау арқылы жүзеге асырады." ]
171
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
138-1-бап. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау
[ "Уәкілетті мемлекеттік орган өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі субъектілердің (білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының) қатысуымен ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар кешенін үйлестіреді." ]
172
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
139-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге жүгіну
[ "1. Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) тұрғылықты жері бойынша Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға келісетіні туралы хабарлама жіберіледі.", "Проактивті қызмет арқылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды ресімдеуге жүгінген күн осы қызметті көрсетуге құжаттарды ресімдеуге келісім алған күн болып саналады.", "2. Баспанасыздық (тұрғылықты жері анықталмаған адамға), әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тұрғылықты жеріне қарамастан ұсынылады.", "3. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) мүддесі үшін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсету туралы өтінішті адамның (отбасының) өз бетінше бере алмау себебін көрсете отырып:", "1) отбасының ересек мүшелерінің біреуі;", "2) қамқоршысы (қорғаншысы);", "3) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі;", "4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхаты бар адам;", "5) мынадай:", "әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;", "баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға) салдарынан арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъект;", "6) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықтың туындауының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырған ұйым жүгіне алады." ]
174
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
140-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау
[ "1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер айқындайтын арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілігін бағалау және айқындау негізінде жүзеге асырылады.", "2. Мыналар:", "1) тыныс-тіршіліктің шектелуі;", "2) әлеуметтік бейімсіздік;", "3) әлеуметтік депривация;", "4) қолайсыз әлеуметтік орта арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге қажеттілікке бағалау жүргізу және оны айқындау кезіндегі өлшемшарттар болып табылады." ]
175
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
141-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну
[ "1. Адам саудасына және баспанасыздыққа байланысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарды қоспағанда, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну аудандардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.", "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) мынадай:", "1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жеке бағдарламаға сәйкес осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының\n6) тармақшасында\n;", "2) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қараудың болуын бағалау өлшемшарттарына сәйкес осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының\n9) тармақшасында\n;", "3) өтініш негізінде осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының\n10)\n,\n11)\nжәне\n12) тармақшаларында\n;", "4) жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының\n1)\n,\n2)\n,\n3)\n,\n4)\n,\n5)\n,\n7)\nжәне\n8) тармақшаларында\nкөрсетілген негіздер бойынша бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.", "2. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушының қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адам (отбасы) мен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер жасасатын шартқа сәйкес жүзеге асырылады.", "3. Осы Кодекстің 133-бабы 1-тармағының\n6)\nжәне\n8) тармақшаларында\nкөрсетілген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдар (отбасылар) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар тіркеліміне енгізілген ұйымдардың ішінен субъектілерді таңдау әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.", "4. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынудан бас тартуға мыналар:", "1) осы Кодекстің\n133-бабында\nкөрсетілген негіздерге сәйкес келмеуі;", "2) ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың анық болмауы;", "3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы негіз болып табылады." ]
176
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
142-бап. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъектілерді қаржыландыру
[ "1. Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілерді қаржыландыру:", "1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты;", "2) кепілдік берілген көлемнен тыс арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынудан алынған қаражат;", "3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.", "2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъектілерді қаржыландыру уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге тарифтер белгілеу қағидалары мен әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.", "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну тарифтерін жергілікті атқарушы органдар бекітеді.", "Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді." ]
177
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
143-бап. Ұлттық алдын алу тетігі
[ "1. Ұлттық алдын алу тетігі ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарым-қатынастар мен жазалау түрлерінің алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.", "2. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар өз қызметі шеңберінде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерге және осы қатысушылардың баруы (бұдан әрі – алдын ала бару) үшін Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын өзге де ұйымдарға барады.", "3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін қоғамдық байқау комиссияларының және азаматтардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, заңгерлер, әлеуметтік жұмыскерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар болып табылады.", "4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметін үйлестіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.", "5. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады." ]
179
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
144-бап. Үйлестіру кеңесі
[ "1. Ұлттық алдын алу тетігінің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.", "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құратын комиссия Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан сайлайды.", "2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:", "1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;", "2) ұлттық алдын алу тетігіне қатысушыларды іріктеу тәртібін;", "3) алдын ала бару үшін ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардан топтар құру тәртібін;", "4) алдын ала бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;", "5) алдын ала бару қорытындысы бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.", "3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауларға қарсы комитетінің Азаптау және басқа да қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарым-қатынастар мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды." ]
180
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
145-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушыларға қойылатын талаптар
[ "1. Мыналар:", "1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;", "2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдіктілер немесе айыпталушылар;", "3) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;", "4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;", "5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұрған адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.", "2. Қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; теріс себептер бойынша мемлекеттік немесе әскери қызметтен, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған; адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды." ]
181
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
146-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының құқықтары
[ "1. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушы:", "1) алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдардың саны, осындай ұйымдардың саны және олардың орналасқан жері туралы ақпарат алуға;", "2) алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жасауға, сондай-ақ оларды ұстау жағдайларына қатысты ақпаратқа қол жеткізуге;", "3) құрылған топтардың құрамында белгіленген тәртіппен алдын ала баруды жүзеге асыруға;", "4) алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен куәларсыз, жеке немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы, сондай-ақ ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының пікірі бойынша тиісті ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесу жүргізуге;", "5) алдын ала баруға жататын ұйымдарды кедергісіз таңдауға және оларға баруға;", "6) азаптау және басқа да қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарым-қатынастар мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы хабарлар мен шағымдарды қабылдауға құқылы.", "2. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы өз қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болып табылады." ]
182
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
147-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың міндеттері
[ "1. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар өз өкілеттіктерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.", "2. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала баруға жататын ұйымдардың қызметіне араласуына жол берілмейді.", "3. Алдын ала бару жөніндегі топқа кіретін ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының бейтараптығына күмән туғызатын мән-жайлар болған кезде ол алдын ала баруға қатысудан бас тартуға міндетті.", "4. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарым-қатынастар мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы қабылданатын хабарлар мен шағымдарды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл айқындайтын тәртіппен тіркеуге міндетті.", "Қабылданған хабарлар мен шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қарауына беріледі.", "Қабылданған және берілген хабарлар мен шағымдар туралы ақпарат алдын ала бару нәтижелері жөніндегі есепке енгізіледі.", "5. Осы Кодекстің ережелерін бұзған ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады." ]
183
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
148-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының өкілеттіктерін тоқтату
[ "Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының өкілеттіктері:", "1) осы Кодекстің ережелері бұзылған;", "2) өз өкілеттіктерін доғару туралы жазбаша өтініші болған;", "3) ол қайтыс болған не оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;", "4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;", "5) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;", "6) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;", "7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар басталған кезде тоқтатылады." ]
184
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
149-бап. Алдын ала барудың түрлері мен кезеңділігі
[ "1. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала баруы:", "1) төрт жылда кемінде бір рет тұрақты негізде жүргізілетін кезеңімен алдын ала бару;", "2) алдыңғы кезеңімен алдын ала бару нәтижелері бойынша ұсынымдардың іске асырылуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ алдын ала баруға жататын ұйымдардың әкімшіліктері тарапынан ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар әңгімелесу жүргізген адамдарды қудалаудың алдын алу мақсатында кезеңімен алдын ала бару аралығындағы кезеңде жүргізілетін аралық алдын ала бару;", "3) азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарым-қатынастар мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы келіп түскен хабарлардың негізінде жүргізілетін арнаулы алдын ала бару болып бөлінеді.", "2. Үйлестіру кеңесі бөлінген бюджет қаражаты шегінде алдын ала бару мерзімдері мен алдын ала баруға жататын ұйымдардың тізбесін айқындайды." ]
185
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
150-бап. Алдын ала бару тәртібі
[ "1. Алдын ала баруды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардан құратын топтар жүргізеді.", "2. Алдын ала бару үшін топтарды құру кезінде ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітушілікке ұшыратуға болмайды.", "3. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдын ала баруға жататын ұйымдардың әкімшілігіне жүктеледі. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың құқыққа сыйымсыз әрекеттері орын алған жағдайда алдын ала баруға жататын ұйымдар әкімшілігінің басшысы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жазбаша хабар береді.", "4. Әрбір алдын ала барудың нәтижелері бойынша Үйлестіру кеңесі бекіткен нысан бойынша топтың атынан жазбаша есеп жасалады, оған алдын ала баруды жүзеге асырған топтың барлық мүшелері қол қояды. Ерекше пікірі бар топ мүшесі оны жазбаша түрде ресімдейді және есепке қоса береді." ]
186
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
151-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың жыл сайынғы жинақталған баяндамасы
[ "1. Үйлестіру кеңесі ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала бару нәтижелері бойынша есептерін ескере отырып, олардың жыл сайынғы жинақталған баяндамасын дайындайды.", "2. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың жыл сайынғы жинақталған баяндамасында:", "уәкілетті мемлекеттік органдарға алдын ала баруға жататын ұйымдарда ұсталатын адамдармен қарым-қатынас жағдайларын жақсарту және азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарым-қатынастар мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұсынымдар;", "Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар да қамтылады.", "Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың жыл сайынғы жинақталған баяндамасына өткен жылғы алдын ала бару жөніндегі қаржылық есеп қоса беріледі.", "3. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың жыл сайынғы жинақталған баяндамасы қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі және Үйлестіру кеңесі бекіткен күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында орналастырылады." ]
187
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
152-бап. Құпиялылық
[ "1. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылар алдын ала бару барысында өздеріне белгілі болған адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етуге құқылы емес.", "2. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала бару барысында өздеріне белгілі болған адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді осы адамның келісімінсіз жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді." ]
188
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
153-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылармен өзара іс-қимылы
[ "1. Мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары ұлттық алдын алу тетігіне қатысушыларға олардың заңды қызметін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді.", "Бірде-бір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам азаптау және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарым-қатынастар мен жазалау түрлерінің қолданылу фактілері туралы ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына хабарлағаны үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге құқылы емес.", "Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың заңды қызметіне кедергі келтіретін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.", "2. Уәкілетті мемлекеттік органдар ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың жыл сайынғы жинақталған баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге алынған баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы жазбаша нысанда хабар береді.", "3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың алдын ала бару нәтижелері бойынша есептері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты іс жүргізуді немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді не қылмыстық істі қозғау туралы өтінішхатпен (арызбен) жүгінуге құқығы бар." ]
189
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
154-бап. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары және міндеттері
[ "1. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдар:", "1) әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде абилитациялауға, оңалтуға, қоғамға интеграциялануға;", "2) мектепке дейінгі тәрбие алу мен оқу, білім алу үшін жағдайлармен қамтамасыз етілуге;", "3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке;", "4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлеміне;", "5) кәсіптік даярлыққа және қайта даярлыққа, еңбек қабілетін қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға;", "6) инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілеріне, көлікке, ақпаратқа, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шараларға, спорттық сайыстарға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктің қамтамасыз етілуіне;", "7) өзінің сайлау және сайлану құқығын жүзеге асыруға;", "8) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;", "9) мемлекеттік және өзге ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда бірінші кезекте қызмет көрсетілуге құқықтарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық және жеке басының құқықтары мен бостандықтарына толығымен ие болады.", "2. Мүгедектігі бар адам:", "1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде өзінің денсаулығының жай-күйі туралы толық және анық мәліметтерді беруге;", "2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалатын тәртіппен профилактикалық медициналық қарап-тексеруден, скринингтік зерттеуден өтуге;", "3) жеке бағдарламада ұсынылған іс-шараларды орындауға;", "4) әлеуметтенуге және қоғамға интеграциялануға қатысуға міндетті." ]
192
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
155-бап. Медициналық-әлеуметтік сараптама
[ "1. Адамның мүгедектігін, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу уәкілетті мемлекеттік органның барып немесе сырттай медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.", "2. Дәрігерлік-консультативтік комиссия медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізеді.", "3. Медициналық-әлеуметтік сараптама уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен куәландырылатын адамның клиникалық-функционалдық, әлеуметтік, кәсіптік және психологиялық деректерін сыныптауыш пен өлшемшарттарды пайдалана отырып талдау негізінде организмнің жай-күйін кешенді бағалау негізінде жүзеге асырылады.", "4. Өтініш берушіге:", "қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған кезде;", "құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде;", "медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне барып куәландыруға тұрақты тіркелмеген орны бойынша жүгінген кезде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуден бас тартылады.", "5. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қорытындысы бойынша тыныс-тіршілік санаттарының бірінің шектелуіне алып келетін организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленбейді.", "6. Адамға мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген кезде оның себептері, мерзімдері, әлеуметтік қорғау шараларына деген қажеттілік анықталады, сондай-ақ жеке бағдарламаның әлеуметтік және кәсіби бөліктері әзірленеді.", "7. Организм функцияларының бұзылу дәрежесіне, тыныс-тіршілігінің шектелуіне, оңалту болжамына және әлеуетіне қарай мынадай санаттар:", "1) мүгедектікті анықтау кезінде адамға:", "жеті жасқа дейін – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе жеті жасқа дейін \"мүгедектігі бар бала\" санаты;", "жеті жастан он сегіз жасқа дейін – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе он сегіз жасқа дейін \"бірінші топтағы мүгедектігі бар бала\", \"екінші топтағы мүгедектігі бар бала\", \"үшінші топтағы мүгедектігі бар бала\" санаттары;", "он сегіз жастан асқанда – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайтадан куәландыру мерзімінсіз \"мүгедектіктің бірінші тобы\", \"мүгедектіктің екінші тобы\", \"мүгедектіктің үшінші тобы\" мүгедектік топтары;", "2) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға еңбекке қабілеттілігінен айырылуға алып келетін әлеуметтік тәуекел туындаған кезде – жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 30 пайыздан 100 пайызға дейінді қоса алғандағы мөлшерде 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға, он сегіз жасқа толғанға дейін, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы осы Кодекстің 207-бабының\n1-тармағында\nкөзделген жасқа толғанға дейін белгіленеді.", "Кезекті қайта куәландыру мерзімі бар мүгедектігі бар адамға жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі осы әлеуметтік қауіп бойынша мүгедектік мерзімі аяқталғанға дейін белгіленеді;", "3) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан жұмыскерге – кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 5 пайыздан 100 пайызға дейінді қоса алғанда 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.", "Кезекті қайта куәландыру мерзімі бар мүгедектігі бар адамға кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі өндірістік жарақат және (немесе) кәсіптік ауру бойынша мүгедектік мерзімі аяқталғанға дейін белгіленеді.", "8. Мүгедектіктің және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесінің мынадай себептері:", "1) жалпы ауру;", "2) жұмыста мертігу;", "3) кәсіптік ауру;", "4) бала кезінен мүгедектік;", "5) жеті жасқа дейінгі балалардың мүгедектігі;", "6) жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың мүгедектігі;", "7) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда қызметтік міндеттерін атқару кезінде, әскери қызмет өткеру кезінде, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардабын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлар салдарынан алған, әскери қызмет міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым оқиғаның салдарынан болған жаралану, контузия, мертігу, ауру не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру;", "8) тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган себеп-салдарлық байланысты белгілеген жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және (немесе) олардың зардаптарынан болған мүгедектік айқындалады.", "Осы тармақтың 7) және 8) тармақшаларындағы мүгедектік себептері себеп-салдарлық байланысты анықтаған уәкілетті органның келтірген тұжырымына қатаң сәйкестікпен шығарылады.", "9. Еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақат алған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан жұмыскерлер үшін кәсіптік еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесінің мынадай себептері:", "1) жұмыста мертігу;", "2) кәсіптік ауру белгіленеді.", "10. Мүгедектігі бар және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылған адамдар мүгедектіктің және еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің белгіленген мерзімдерін сақтай отырып, қайта куәландырудан өтеді.", "11. Жүргізілген медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижелерімен келіспеген жағдайда адам және (немесе) оның заңды өкілі уәкілетті мемлекеттік органға жүгінеді.", "Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің шешімдеріне шағымдануды қарауды және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі жүзеге асырады.", "12. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснамасы және оны бақылау бөлімі медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптама қорытындысын негізсіз шығару фактісі анықталған кезде хаттама ресімдейді, оның негізінде бақылау бойынша қайта куәландырылғанға және сараптама қорытындысы шығарылғанға дейін мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге байланысты төлемдер мен жәрдемақылар тоқтатыла тұрады.", "13. Төтенше жағдай кезеңінде қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге дейін бір айдан аспаған және төтенше жағдай кезінде басталған және көрсетілген мерзімде қайта куәландырудан өтпеген адамдар үшін мүгедектік, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің және жеке бағдарламалардың мерзімдері төтенше жағдайдың қолданылу мерзіміне автоматты түрде ұзартылады.", "Төтенше жағдай режимі қолданысының аяқталу айы толығымен есептеледі." ]
193
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
156-бап. Сырттай проактивті куәландыру ерекшеліктері
[ "1. Сырттай проактивті форматта мүгедектік және еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі белгіленген кезде уәкілетті мемлекеттік орган медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге сараптамалық қызметтер көрсетуге келісімшарт негізінде медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларын тартады.", "2. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының тізілімін жүргізу тәртібін, сондай-ақ тізілімге енгізуді және одан шығаруды уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.", "3. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары жұмысының нәтижелерін бағалау тәртібі мен өлшемшарттарын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.", "4. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшыларының қызметтеріне ақы төлеу тәртібін және медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары көрсететін қызметтерге тарифтерді уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.", "5. Сырттай проактивті куәландыру уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындаған нозологиялық нысандар тізбесі бойынша жүргізіледі." ]
194
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
157-бап. Жеке бағдарлама
[ "1. Жеке бағдарлама мүгедектік белгіленген мерзімге мүгедектігі бар адамдардың жеке қажеттіліктерін бағалау негізінде әзірленеді және ол уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен организм функцияларын қалыптастыруға, дамытуға, қалпына келтіруге және (немесе) организмнің бұзылған және (немесе) жоғалған функцияларының орнын толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік, кәсіптік шаралар кешенін қамтиды.", "2. Жеке бағдарламада уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектігі бар адам мұқтаж техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің атаулары да қамтылады.", "3. Мүгедектігі бар адамға жеке бағдарламаның іс-шаралары тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу үшін кепілдік берілген сома және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемі шегінде тегін және (немесе) өтеулі негізде көрсетіледі, оны төлеуге мүгедектігі бар адам немесе жұмыста мертігуіне немесе кәсіптік ауруға шалдығуына кінәлі жұмыс беруші қатысады." ]
195
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
158-бап. Мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары
[ "1. Мүгедектігі бар адамдардың мамандандырылған ұйымдары – мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ акцияларының жүз пайызы мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне тиесілі ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда, осындай бірлестіктер мен ұйымдар:", "мүгедектігі бар адамдардың орташа жылдық саны жұмыскерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құрайды;", "мүгедектігі бар адамдарға еңбекақы төлеу шығыстары бір жылға еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемінде 35 пайызын құрайды.", "2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:", "1) мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін қозғайтын шешімдерді дайындау және қабылдау;", "2) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп спорттық іс-шаралар ұйымдастыру;", "3) уәкілетті аумақтық мәдениет органдарымен бірлесіп, ағартушылық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру кезінде мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен және олардың уәкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды.", "3. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ олардың ұйымдарына өздерінің меншігіндегі ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) салынған жер учаскелеріне меншік құқығын мемлекет меншігінен жеке меншікке беру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өтеусіз жүзеге асырылады.", "Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметі тоқтатылған немесе мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің, олардың ұйымдарының меншігінен жылжымайтын мүлік иеліктен шығарылған жағдайда, олардың меншік иелігіндегі жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылуға жатады.", "4. Мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері:", "1) орталық және жергілікті атқарушы органдарға мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізу;", "2) мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру тиімділігін бағалауға қатысу;", "3) Қазақстан Республикасының әзірленіп жатқан нормативтік құқықтық актілеріне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу жолымен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысуға құқылы." ]
197
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
159-бап. Мүгедектіктің алдын алу
[ "1. Мүгедектіктің алдын алу ерте диагностикалауға, аурулардың ерте сатыда өршуінің және олардың салдарының алдын алуға, орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің зақымдануын бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешенін, сондай-ақ денсаулықты қорғау, адамның өмір сүруінің экологиялық ортасын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, өндірісте жарақаттанудың алдын алу, кәсіптік ауруларды азайту жөніндегі іс-шараларды қамтиды.", "2. Мүгедектіктің алдын алуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен жұмыс берушілер жүзеге асырады." ]
198
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
160-бап. Медициналық оңалту (абилитациялау)
[ "1. Медициналық оңалтуды (абилитациялауды) медициналық жұмыскерлер клиникалық хаттамаларға, медициналық көмек көрсету стандарттары мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.", "Медициналық абилитация туа біткен функционалдық шектеулері бар балалар үш жасқа толғанға дейін жүргізіледі.", "2. Медициналық ұйым медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін, оңалтуды (абилитациялауды) жүргізу түрлері мен мерзімін көрсете отырып, мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың (абилитациялаудың) жеке бағдарламасының медициналық бөлігін әзірлейді, оны орындауды жүзеге асырады.", "3. Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емдеумен қамтамасыз ету осы Кодекстің\n169-бабында\nкөзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.", "4. Осы баптың 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторийлік-курорттық емделуге шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс беруші өтейді.", "5. Жұмыс берушіге қатысты оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторийлік-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес беріледі.", "6. Жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда, жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға санаторийлік-курорттық емдеу осы баптың 3-тармағына сәйкес беріледі." ]
199
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
161-бап. Әлеуметтік абилитациялау және оңалту
[ "1. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік абилитациялау және оңалту мыналарды:", "1) техникалық көмекші (компенсаторлық) және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді және оларды пайдалануға үйретуді;", "2) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды;", "3) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметін ұсынуды;", "4) есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамға ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынуды;", "5) уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік абилитациялау мен оңалтудың өзге де түрлерін қамтиды.", "2. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік абилитациялау мен оңалтуды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларды, оңалту орталықтарын, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін қоса алғанда, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын ұйымдар, сондай-ақ басқа да мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады." ]
200
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
162-бап. Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру
[ "1. Мүгедектігі бар адамдар жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сыныптаушысына сәйкес есту протезі көмегімен, протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.", "2. Есту протезі көмегімен, протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда қамтамасыз ету осы Кодекстің\n169-бабында\nкөзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.", "3. Протездік-ортопедиялық көмек протездеу, мүгедектігі бар адамдарды жеке тапсырыстар бойынша дайындалатын протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша медициналық қызметтер көрсетуден, сондай-ақ оларды пайдалануды үйретуден тұрады.", "Протездік-ортопедиялық көмекті көрсетуші дайындалатын протездік-ортопедиялық құралдың сипаттамасына байланысты стационарлық протездеу қажеттілігін айқындайды.", "Есту протезі көмегі протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсетуден, кохлеарлық импланттың сөйлеу процессорын ауыстыру және теңшеу бойынша қызметтер көрсетуден, сондай-ақ оларды пайдалануды үйретуден тұрады.", "Стационарлық протездеуге және (немесе) протездеуге баруға байланысты шығыстарды төлеу уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.", "4. Жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен жеке бағдарламаға сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.", "5. Жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдары осы баптың 1-тармағына сәйкес беріледі.", "6. Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сертификаттау жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан міндетті түрде сертификаттауға жатады." ]
201
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
163-бап. Мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну
[ "1. Мүгедектігі бар адамдарға жеке бағдарламаға сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жеке көмекшінің және (немесе) ымдау тілі маманының қызметтері ұсынылады.", "2. Жеке көмекшінің қызметтері жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен күніне сегіз сағаттан аспайтын есеппен ұсынылады.", "Жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адам үшін жеке көмекшінің қызметтері оған күтім жасайтын адамға осы Кодекстің\n187-бабында\nкөзделген тәртіппен мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған және төленген кезде ұсынылмайды.", "Жеке көмекші қызметін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған шарт негізінде жүзеге асырады.", "Мыналар:", "1) психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін мамандандырылған ұйымдарда есепте тұрған;", "2) медициналық қорытынды негізінде денсаулық жағдайы бойынша қызмет көрсетуге қарсы көрсетілімдері бар;", "3) он сегіз жасқа толмаған;", "4) жұмыспен қамтудың белсенді шаралары шеңберінде кәсіптік оқытудан өтпеген адам;", "5) бірінші топтағы мүгедектігі бар адам үшін жеке көмекші оның жақын туысы болып табылатын жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 207-бабының\n1-тармағында\nбелгіленген зейнеткерлік жасқа толған;", "6) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;", "7) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам жеке көмекші бола алмайды.", "3. Есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтері уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жылына алпыс сағаттан аспайтын есеппен ұсынылады.", "4. Мүгедектігі бар адамдар жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жеке көмекшіні және (немесе) ымдау тілі маманын таңдауды жүзеге асырады.", "Жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтеріне ақы төлеуді жергілікті атқарушы органдар кепілдік берілген сома шегінде жүргізеді." ]
202
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
164-бап. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну
[ "1. Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен стационар, жартылай стационар жағдайларында және үйде көрсетіледі.", "2. Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынуды осы Кодекстің\n135-бабына\nсәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынатын субъектілер жүзеге асырады." ]
203
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
165-бап. Мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту
[ "1. Мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оңалту кәсіптік бағдарлауды, кәсіптік оқытуды (қайта оқытуды), жұмысқа орналастыруды қамтиды және осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес іске асырылады.", "2. Жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды кәсіптік оқытуды немесе қайта оқытуды, оларды жұмысқа орналастыру үшін арнаулы жұмыс орындарын құруды жұмыс беруші осы Кодекске сәйкес меншікті қаражаты есебінен қамтамасыз етеді." ]
204
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
166-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы
[ "1. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – осы Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі.", "2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын сүйемелдеуді және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Еңбек ресурстарын дамыту орталығы жүзеге асырады.", "3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты мүгедектігі бар адамдар мен тауарларды және көрсетілетін қызметтерді берушілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңнамасымен, сондай-ақ нысанын уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шартпен реттеледі." ]
206
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
167-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді берушілер
[ "1. Заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілер болып табылады.", "2. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына рұқсат беру әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссияның қорытындысын алғаннан кейін уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.", "3. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша құрылады және өз қызметін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережеге сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырады.", "4. Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы ұсынылатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің өнім беруші мәлімдеген сипаттамаларының мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асырады.", "5. Комиссия жергілікті атқарушы органның, мүгедектігі бар адамдардың және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркелген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің жолданымдарын қарайды, бұзушылықтар анықталған кезде жою қажеттілігі туралы хабарлама жібереді. Хабарламада көрсетілген мерзім ішінде жойылмаған жағдайда комиссия өнім берушіні әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан шығару туралы шешім қабылдайды.", "6. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мынадай:", "1) сәйкестігі міндетті растауға жататын берілетін тауарларға сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар;", "2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиісті медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігі бар;", "3) берілетін тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары және көрсетілетін қызметтер сыныптауышының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынған;", "4) салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;", "5) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;", "6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілмеген;", "7) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілері) тізбесіне енгізілмеген;", "8) тауарларды өткізу және (немесе) қызметтер көрсету үшін олардың шыққан жерін, сипаттамасын және бағасын растайтын құжаттарды ұсынған;", "9) \"Рұқсаттар және хабарламалар туралы\" Қазақстан Республикасының\nЗаңына\nсәйкес айналысу үшін лицензия алу талап етілетін қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;", "10) ымдау тілі маманы қызметін көрсету кезінде біліктілігін растайтын құжаты бар өнім берушілер тіркеледі.", "Осы баптың бірінші бөлігінің талаптары жеке көмекші көрсететін қызметтерге қолданылмайды.", "7. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден:", "1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген;", "2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға қайтыс болған немесе қызметі тоқтатылған, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған;", "3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілген;", "4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілері) тізбесіне енгізілген;", "5) комиссия осы баптың 2-тармағына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден шығару туралы қорытынды шығарған жағдайларда шығарылады.", "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден шығару өнім берушіні тіркеуден шығару күніне әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындаудан босатпайды.", "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген жағдайда мүгедектігі бар адам өнім берушінің алған міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тиісті ақпаратты орналастырады.", "Комиссия осы ақпаратты орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды, өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болғанын немесе болмағанын айқындайды.", "Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу ол туралы мәліметтер тиісті тізілімнен және (немесе) тізбеден алып тасталғаннан кейін мүмкін болады.", "Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден шығарылған жағдайда оны әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кейіннен тіркеу тіркеуден шығарылған күнінен бастап кемінде бір жыл өткен соң мүмкін болады.", "8. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар, арнаулы жүріп-тұру құралдары және көрсетілетін қызметтер сыныптауышының талаптарына сәйкес келетін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізеді.", "Өнім берушілер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сапасы тиісті емес және (немесе) ұсынылған сипаттамаларға сәйкес келмейтін тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізу фактісі анықталған, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шарттың талаптарын орындамаған жағдайда олардың құны өнім берушілердің қаражаты есебінен өтеледі." ]
207
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
168-бап. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
[ "1. Мүгедектігі бар адамдар тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыстарды жеке бағдарламадағы ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырады.", "2. Мүгедектігі бар адам тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруді оған әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жеке бағдарлама іс-шараларының жіберілгені туралы хабарланған күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.", "3. Мүгедектігі бар адамның тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен белгіленетін кепілдік берілген сомадан аспайтын сомаға өтетіп алуға құқығы бар.", "Мүгедектігі бар адам кепілдік берілген сома мен сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің нақты құны арасындағы айырмашылықты меншікті қаражаты есебінен өзі дербес төлейді.", "4. Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің бірінің санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар.", "5. Тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен және мөлшерде төленеді." ]
208
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
169-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету
[ "Мүгедектігі бар адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мынадай:", "1) комиссияның қорытындысы негізінде әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілер болмаған;", "2) протездік-ортопедиялық көмекпен, есту аппараттарымен қамтамасыз ете отырып, есту протезі көмегімен, кохлеарлық импланттың сөйлеу процессорын ауыстыру және теңшеу жөніндегі қызметпен, мүгедектігі бар адамдардың жеке тапсырыстары бойынша дайындалатын арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілетін жағдайларда тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етіледі." ]
209
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
170-бап. Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғалуға құқығы
[ "1. Мүгедектігі бар адамдардың:", "1) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;", "2) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;", "3) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);", "4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы) түрінде әлеуметтік қорғалуға құқығы бар.", "2. Осы бапта көзделген құқықтар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.", "3. Жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің және өзге де ұйымдардың шешімі бойынша мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шаралары берілуі мүмкін." ]
211
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
171-бап. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау мен төлеу тәртібі
[ "1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны, күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар) тағайындауға мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыға құқығы бар адамның немесе оның заңды өкілінің өтініші негіз болып табылады.", "Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болған кезде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің әкімшілігі оған өтініш беруге жәрдемдеседі.", "Бұл ретте бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адам өзіне күтім жасайтын адамның кандидатурасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің басшысымен келіседі.", "2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының немесе оның заңды өкілінің өтініші негіз болып табылады.", "3. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер \"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы\" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде оларды тағайындау үшін өтініш беру талап етілмейді.", "4. Уәкілетті мемлекеттік орган:", "мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау;", "еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оны тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау;", "мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.", "5. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі белгілеген мүгедектіктің бүкіл кезеңіне тағайындалады.", "Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болған кезде оған күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық жазалау мерзімі аяқталғанға дейін тағайындалады.", "6. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі белгілеген еңбекке қабілеттіліктен айырылудың бүкіл кезеңіне әлеуметтік төлемге құқық туындаған күннен бастап, бірақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының осы Кодекстің\n207-бабының\n1-тармағында көзделген жасқа толған мерзімнен асырылмай тағайындалады.", "7. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады." ]
212
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
172-бап. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындауға өтінішті қабылдаудан және тағайындаудан бас тарту
[ "1. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартуға:", "1) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау, жүзеге асыру, оларды тағайындау үшін проактивті көрсетілетін қызмет арқылы өтініш беру немесе келісу фактілерін растайтын мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен алу;", "2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы;", "3) жеке басты куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оларды тағайындау үшін қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;", "4) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау құқығының болмауы;", "5) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш беруші келісімінің болмауы негіз болып табылады.", "2. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тартуға:", "1) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;", "2) өтініш берушінің және (немесе) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;", "3) тексеру кезінде Қор сұратқан еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттың және (немесе) мәліметтердің ұсынылмауы;", "4) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің есептелген мөлшерінің теріс мәні негіз болып табылады.", "3. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға:", "1) күтім жасайтын адамның кәмелетке толмауы;", "2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша күтім жасайтын адамның әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуы;", "3) күтім жасайтын адамды психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда есепке қою;", "4) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде болуын қоспағанда, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы;", "5) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның және оған күтім жасайтын адамның әртүрлі елді мекендерде тұруы негіз болып табылады." ]
213
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
173-бап. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушының құқықтары мен міндеттері
[ "1. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушының:", "1) осы Кодексте көзделген тәртіппен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға;", "2) мүгедектігі бар адамдарға төленетін мемлекеттік жәрдемақыларды алатынына қарамастан, осы Кодексте көзделген тәртіппен еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға;", "3) Мемлекеттік корпорациядан және Қордан мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты сұратуға және тегін алуға;", "4) мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік корпорацияның және Қордың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.", "2. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушы:", "1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау үшін толық және анық мәліметтер ұсынуға;", "2) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақыларды, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алу кезеңінде Мемлекеттік корпорацияны мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін өзгерту немесе мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақылар, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді төлеуді тоқтату үшін негіз болуы мүмкін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.", "Өтініш беруші мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған жағдайда олардың мөлшері көрсетілген мән-жайлар басталған кезден бастап, бірақ оларды тағайындаған кезден ерте емес қайта қаралады;", "3) мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардың, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің артық есептелген (төленген) сомаларын ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – заңды күшіне енген сот шешімі негізінде сот тәртібімен қайтаруға міндетті.", "3. Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органның және (немесе) Қордың кінәсінан уақтылы алынбаған не толық алынбаған мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардың, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің сомалары оларға құқық туындаған күннен бастап өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей төленеді." ]
214
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
174-бап. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу
[ "1. Алушының өтініші негізінде ұсталып қалатын мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардың, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің артық есепке жазылған (төленген) сомаларын қоспағанда, мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізіле алады.", "2. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен ұстап қалу төленуге тиесілі сомадан жүргізіледі.", "3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен 10 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және осы Кодекске сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жіберіледі.", "4. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік жәрдемақылардан, еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнен төленуге тиісті соманың 25 пайызынан артық ұстап қалуға болмайды." ]
215
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
175-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқық және оны тағайындау шарттары
[ "1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жәрдемақы тағайындауға жүгінген уақытқа жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан, мүгедектік белгіленген жағдайда тағайындалады.", "2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.", "3. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектіктің қашан – жұмыс істеу немесе қызмет ету кезеңінде, жұмысқа тұрғанға дейін немесе жұмысты тоқтатқаннан кейін болғанына қарамастан тағайындалады.", "4. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап, бірақ оны тағайындауға жүгінген күнге дейін немесе \"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы\" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзімге тағайындалады.", "5. Зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толған мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыру олардың өтініші бойынша ғана жүргізіледі.", "6. Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады.", "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының бір түрінен екінші түріне ауыстыру өтініш тіркелген күннен бастап жүргізіледі.", "7. Осы Кодекстің 207-бабының\n1\n,\n2\nжәне\n3-тармақтарында\n,\n212-бабында\nбелгіленген шарттар болған кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы азаматтың қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасына байланысты зейнетақы төлемдерімен немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерімен ауыстырылуы мүмкін." ]
217
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
176-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы бар мүгедектігі бар адамдардың санаттары
[ "1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар мүгедектігі бар адамдарға:", "1) жалпы ауруға шалдығудан, жұмыста мертігуден, кәсіптік ауруға шалдығудан болған мүгедектігі бар адамдар, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;", "2) бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;", "3) мүгедектігі әскери қызметін өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан болған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарынан мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлардың салдарынан болған адамдар;", "4) мүгедектігі әскери қызметтегі міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызметтік міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертігу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауруға шалдығу салдарынан болған кезде әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдар;", "5) мүгедектігі әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан болған әскери қызметшілер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қызметтік міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері арасынан шыққан мүгедектігі бар адамдар;", "6) себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, оның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және/немесе олардың зардаптарынан болған мүгедектігі бар адамдар жатады.", "2. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнамамен мүгедектігі бойынша зейнетақы тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебінен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін іс жүзінде алып келген зейнетақы мөлшерінен кем емес мөлшерде төленеді." ]
218
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
177-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері
[ "1. Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып, бюджет қаражаты есебінен ай сайын төленеді.", "2. Осы Кодекстің 176-бабының\n1)\n,\n2)\nжәне\n4) тармақшаларында\nкөрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мынадай:", "жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "бірінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "екінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "бала кезінен екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "бала кезінен үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,76 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерлерінде тағайындалады.", "3. Осы Кодекстің 176-бабының\n3)\nжәне\n6) тармақшаларында\nкөрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мынадай:", "бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 3,22 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,75 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.", "4. Осы Кодекстің 176-бабының\n5) тармақшасында\nкөрсетілген мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мынадай:", "бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 3,94 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 3,04 ең төмен күнкөріс деңгейі;", "үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,31 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.", "5. Мүгедектік кезеңінде асыраушысынан айырылған жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға және жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері осы Кодекстің\n236-бабына\nсәйкес белгіленген, қайтыс болған асыраушының отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерінің санына сәйкес келетін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне ұлғайтылады.", "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қайтыс болған асыраушының асырауында болу фактісіне қарамастан жоғары мөлшерде белгіленеді.", "6. Мүгедектік кезеңінде асыраушысынан айырылған бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері осы Кодекстің 236-бабына сәйкес белгіленген, қайтыс болған асыраушының отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерінің санына сәйкес келетін асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне ұлғайтылады.", "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақы осы Кодекстің\n234-бабының\nталаптарына сәйкес аталған адамдар қайтыс болған асыраушының асырауында болған жағдайда жоғары мөлшерде белгіленеді.", "7. Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.", "8. Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері мүгедектігі бар адамдардың тиісті санаттары үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшерінен аз болса, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бар адамдардың осы санаты үшін белгіленген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне дейін тиісті қосымша ақылар түрінде жүргізіледі." ]
219
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
178-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу
[ "1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.", "2. Осы Кодекстің 207-бабының\n1\n–\n3-тармақтарында\nжәне\n212-бабында\nбелгіленген жағдайлар болған кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлеу тоқтатылады немесе осы Кодекстің 177-бабының\n8-тармағына\nсәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.", "3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны жаңа мөлшерде төлеу мүгедектік тобы өзгерген күннен бастап жүзеге асырылады.", "Қайта куәландырылушы еңбекке қабілетті деп танылған жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы оны еңбекке қабілетті деп таныған айды қоса алғанда төленеді.", "4. Егер мүгедектігі бар адам белгіленген мерзімде қайта куәландыру үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне келмесе, онда оған мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрады, ал оны мүгедектігі бар адам деп қайта таныған жағдайда тоқтатылған күннен бастап, бірақ бір айдан аспайтын уақыт үшін, егер медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, төлем қайта басталады.", "Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған кезде төлем тоқтатылған күннен бастап қайта куәландырудан өткен айды қоса алғанда, бірақ үш жылдан аспайтын уақыт үшін, егер медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.", "5. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы осы Кодекстің 177-бабына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде төленеді.", "Психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы осы Кодекстің 177-бабына сәйкес тағайындалған жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызы көлемінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес мөлшерде төленеді.", "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының тағайындалған мөлшерінің 70 пайызы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жеке банктік шотына немесе қолма-қол ақшаны бақылау шотына аударылады.", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының көрсетілген қаражатты пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.", "6. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұратын және мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар толық көлемде төленеді.", "7. Алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шыққан жағдайда мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап толық көлемде қайта басталады.", "8. Алушы уақтылы талап етпеген мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының есептелген сомасы өткен уақыт үшін, бірақ оларды алуға жүгінудің алдындағы 3 жылдан аспайтын уақытқа төленеді." ]
220
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
179-бап. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
[ "1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу:", "1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;", "3) алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "4) ата-ана құқықтарынан айыру немесе оларды шектеу туралы, бала асырап алу туралы шешімді жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді. Ата-ана құқықтары қалпына келтірілген кезде мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеудің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;", "5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны (қамқоршыны) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы (қамқоршы) мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап төленеді;", "6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту немесе одан шығу фактісі шетелдіктің тұруға ықтиярхатын алғанға дейін анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап, бірақ шетелдіктің ықтиярхатын алған күннен кейін қайта басталады;", "7) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде мүгедектігі бойынша зейнетақы алу фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу шығу елінде артық есептелген (төленген) зейнетақы сомалары өтелген кезде тоқтатылған күннен бастап қайта басталады;", "8) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттама ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.", "2. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу жәрдемақы төлеуді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.", "3. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу:", "1) алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер;", "2) шығу елінің уәкілетті органынан жәрдемақы алушының ісіне сұрау салу;", "3) алушының ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтініші;", "4) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтер;", "5) өтініш берушінің негізсіз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсыну фактісі анықталғаны туралы мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады." ]
221
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
180-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы
[ "1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап туындайды.", "2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген уақытта жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан тағайындалады.", "3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу үшін қабылданған кезеңге әлеуметтік аударымдар Қорға оларды тағайындау үшін жүгінген күннен кейін түскен жағдайда алушыға еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін қайта есептеу жүргізілмейді." ]
223
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
181-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мөлшері
[ "1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшерін әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 50 пайызын шегере отырып, кірісті ауыстырудың, еңбекке қабілеттіліктен айырылудың және қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне көбейту арқылы айқындалады.", "Бұл ретте кірісті ауыстыру коэффициенті 0,6 құрайды, ал әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген кірістің орташа айлық мөлшері осы Кодекстің 118-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалады.", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін қатысу өтілінің коэффициенті:", "алты айдан аз – 0,1;", "алты айдан он екі айға дейін – 0,7;", "он екі айдан жиырма төрт айға дейін – 0,75;", "жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін – 0,85;", "отыз алты айдан қырық сегіз айға дейін – 0,9;", "қырық сегіз айдан алпыс айға дейін – 0,95;", "алпыс айдан жетпіс екі айға дейін – 1,0;", "алпыс және одан да көп айға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінің әрбір он екі айы үшін 1,0-ге 0,02 қосылады, бірақ ол 1,3-тен аспайды.", "Қатысу өтілінің коэффициентін айқындау кезінде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары қолданылған кезеңде қызметтің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алу кезеңдері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысу кезеңдері, сондай-ақ \"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы\" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының\n51) тармақшасына\nсәйкес 2020 жылғы 1 сәуір – 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі есептеледі.", "Еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті 30 пайыздан 100 пайызға дейін белгіленген жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесіне сәйкес келеді.", "2. Төлеуші уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және жағдайларда артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырмаған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың сомалары есепке алынбайды.", "3-1. Егер осы Кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында аталған адамдар әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін бір пайыз мөлшерінде айқындаса, онда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу кезінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір айдағы кіріс айына нақты түскен әлеуметтік аударымдар сомасын осы Кодекстің 244-бабының 1-тармағында белгіленген әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесіне бөлу арқылы айқындалады.", "4. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесі өзгерген күннен бастап қайта қаралады.", "5. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысымен арттыру күніне тиісті әлеуметтік төлемдер тағайындалған адамдарға жүргізіледі.", "6. Сот актілері және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының актілері негізінде заңсыз деп танылған кірістен түскен, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау кезінде есепке алынған кезең үшін төленген әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін кейінгі жүгінуі кезінде есепке алынбайды." ]
224
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
182-бап. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
[ "1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:", "1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "2) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.", "Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді алушы болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтып келген адам кету елінде төлем алмаған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем төлеу тоқтатылған күннен бастап, бірақ оны алу үшін жүгінудің алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа қайта басталады.", "Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге кеткен кезде белгіленген мөлшерде қайта басталады. Егер кеткен кезеңде еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді арттыру жүргізілген болса, оның мөлшері барлық арттыру ескеріліп белгіленеді.", "Кету елінде төлем алынған жағдайда еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету кезінде белгіленген мөлшерде жүгінген күннен бастап қайта басталады;", "3) қорғаншы болып табылатын алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қорғаншы болып тағайындалған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;", "4) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;", "5) еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "6) алушының \"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы\" Қазақстан Республикасының\nЗаңында\nкөзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;", "7) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыны өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қорғаншы болып тағайындалған адамға немесе қорғаншы мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;", "8) өтініш берушінің еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "9) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.", "2. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алуға құқық сақталған жағдайда әлеуметтік төлемнің тоқтатыла тұруын туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.", "3. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:", "1) алушы қайтыс болған жағдайда (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда) тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушы қайтыс болған айды (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген айды) қоса алғанда төленеді;", "2) алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалған күннен бастап тоқтатылады;", "3) алушының еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;", "4) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі алушыны еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған жағдайда ол еңбекке қабілетті деп танылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады." ]
225
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
183-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алу құқығы
[ "1. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі.", "2. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындалады.", "3. Отбасында мүгедектігі бар екі және одан да көп бала тұратын жағдайда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мүгедектігі бар әрбір балаға тағайындалады және төленеді.", "4. Туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған мүгедектігі бар баласы бар отбасыларға, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап тағайындалады." ]
227
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
184-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мөлшері
[ "1. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді.", "2. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді." ]
228
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
185-бап. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
[ "1. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу:", "1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "2) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен ерте қайта басталмайды;", "3) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;", "4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемі ұсынылатын адамды қоспағанда, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұруы және мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шығарылған күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "5) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "6) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алушының шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжатының немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "7) алушының қайтыс болғанын растайтын құжаттың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;", "8) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактілерінің анықталғаны туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады.", "2. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.", "3. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтатуға:", "1) баланың қайтыс болуы;", "2) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;", "3) өтініш берушінің мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақының заңсыз тағайындалуына алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;", "4) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы алушыға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы;", "5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету негіз болып табылады.", "Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.", "Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу осы баптың 3-тармағының\n2)\n,\n3)\n\n4)\nжәне\n5) тармақшаларында\nкөрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады." ]
229
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
186-бап. Алушының өзгеруі
[ "Баланы (балаларды) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру жағдайларын қоспағанда, алушы қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған), ата-ана құқықтарынан айырылған немесе ата-ана құқықтары шектелген, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайларда мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар негізінде оларды алу үшін негіздер сақталған кезде баланың (балалардың) заңды өкіліне не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға жүргізіледі." ]
230
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
187-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алу құқығы
[ "1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген шетелдіктерге беріледі.", "2. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға онымен туыстық байланысына қарамастан күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы тағайындалады.", "3. Отбасында бірінші топтағы мүгедектігі бар екі және одан да көп адам тұратын жағдайда күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы олардың әрқайсысы үшін тағайындалады және төленеді.", "Сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бірінші топтағы мүгедектігі бар бір адамға ғана күтім жасай алады.", "4. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға бірнеше адам күтім жасаған жағдайда күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.", "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға тек қана бір сотталған адам күтім жасай алады.", "5. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам және күтім жасайтын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.", "Күтімді қажет ететін бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандар және оларға күтім жасайтын сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің бір мекемесінде ұсталуға тиіс." ]
232
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
188-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы мөлшері
[ "1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде төленеді.", "2. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді." ]
233
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
189-бап. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
[ "1. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу:", "1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "2) күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы алушыға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен ерте қайта басталмайды;", "3) күтім жасайтын шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжаттың немесе қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің жеке басын куәландыратын құжат, қандас куәлігі берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Қорғаншылық (қамқоршылық) құқығы қалпына келтірілген кезде күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеудің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;", "5) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықтау туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу бірінші топтағы мүгедектігі бар адам бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын берілген сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "6) күтім жасайтын адамның немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен басқа мекемеге шығып кетуі;", "7) күтім жасайтын адамды немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің басқа бөлімшесіне ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.", "2. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақыны төлеу бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде қайта басталады.", "3. Күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы төлеуді тоқтатуға:", "1) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның өтініші;", "2) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның қайтыс болуы;", "3) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның немесе күтім жасайтын адамның Қазақстан Республикасының басқа елді мекеніне немесе оның шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;", "4) мүгедектігі бар адамның мүгедектік тобының өзгеруі;", "5) бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталған адамның немесе оған күтім жасайтын сотталушының қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу мерзімінің өтуі;", "6) осы Кодекстің 172-бабының\n3-тармағында\nкөзделген жағдайлардың анықталуы негіз болып табылады.", "4. Күтім жасайтын адамды ауыстыру бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде жүргізіледі.", "Бірінші топтағы мүгедектігі бар адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде болған кезде оған күтім жасайтын адамды ауыстыру оның қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі басшысымен келісуі бойынша жүзеге асырылады." ]
234
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
190-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығы
[ "1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы бар.", "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.", "2. Бір мезгілде осы баптың 3-тармағында көзделген бірнеше негіз бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы олардың таңдауы бойынша тек бір негіз бойынша ғана төленеді.", "3. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға:", "1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;", "2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;", "3) мәртебесі \"Ардагерлер туралы\" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының\n1) тармақшасында\nайқындалған, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар;", "4) мәртебесі \"Ардагерлер туралы\" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының\n2) тармақшасында\nайқындалған жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар;", "5) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері;", "6) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;", "7) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, \"Ленинградты қорғағаны үшін\" медалімен немесе \"Қоршаудағы Ленинград тұрғыны\" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);", "8) Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ерлері, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері, \"Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы\" құрметті атағына ие болған адамдар;", "9) \"Халық қаһарманы\" атағына ие болған адамдар;", "10) \"Қазақстанның Еңбек Ері\" атағына ие болған адамдар;", "11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;", "12) 1988–1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдар;", "13) осы Кодекстің 177-бабының\n8-тармағында\nкөзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші, екінші және үшінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;", "14) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі балалар;", "15) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда, Байқоңыр қаласында тұратын жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтардағы мүгедектігі бар балалар;", "16) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдар;", "17) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар жатады." ]
236
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
191-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау тәртібі
[ "1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамның өтініші арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға негіз болып табылады.", "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы \"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы\" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде \"Халық қаһарманы\" атағына ие болған адамдарға, \"Қазақстанның Еңбек Ері\" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы өтініш беру талап етілмейді.", "2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін жүгіну арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін қандай да бір мерзіммен шектелмей, кез келген уақытта жүзеге асырылады.", "3. Осы Кодекстің 190-бабы 3-тармағының\n11) тармақшасында\nкөрсетілген адамдар үшін 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істегені туралы мәліметтер қамтылатын еңбек кітапшасы немесе өзге де құжаттар жұмыс өтілін растайтын құжат болып табылады.", "1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істеген фактіні растайтын құжаттар болмаған кезде жұмыс өтілін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен құрылатын арнаулы комиссиялар белгілейді.", "4. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.", "5. Уәкілетті мемлекеттік орган:", "ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын ұрыс қимылдары жүргізілген қалалар мен кезеңдердің тізбесін;", "ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңдердің тізбесін;", "ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, аумақтар мен кезеңдердің тізбесін;", "Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградаларға жатқызылған, наградтау кезінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын бұрынғы КСР Одағы медальдарының тізбесін бекітеді." ]
237
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
192-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан және тағайындаудан бас тарту
[ "1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тартуға:", "1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактілерін растайтын мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен алу;", "2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдану күніне қолданылу мерзімі өтетін құжаттарды ұсынуы;", "3) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыстырудан басқа) оны тағайындау үшін қажетті құжаттарға сәйкес келмеуі;", "4) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау құқығының болмауы;", "5) өтініш берушінің арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы негіз болып табылады.", "2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға:", "1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға растайтын құжаттарды ұсынбау;", "2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;", "3) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады." ]
238
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
193-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу тәртібі
[ "1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.", "2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және оны алу құқығы туындаған күннен бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған шарттар сақталған кезеңге жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қайтыс болған айды қоса алғанда, ал арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда кеткен айды қоса алғанда төленеді.", "3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жаңа мөлшерде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығы туындаған кезден бастап мүгедектіктің тиісті тобы үшін осы Кодексте белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.", "4. Егер мүгедектігі бар адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қайта куәландыруға медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедектігі бар адам деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады.", "Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу, егер медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді." ]
239
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
194-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері
[ "1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға белгіленеді.", "2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді.", "3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы:", "1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 16,0 айлық есептік көрсеткіш;", "2) \"Ардагерлер туралы\" Қазақстан Республикасы Заңы\n5-бабының\n1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында санамаланған басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 6,19 айлық есептік көрсеткіш;", "3) \"Ардагерлер туралы\" Қазақстан Республикасы Заңы\n5-бабының\n6), 7) және 8) тармақшаларында санамаланған басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 4,8 айлық есептік көрсеткіш;", "4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға – 6,19 айлық есептік көрсеткіш;", "5) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға – 7,55 айлық есептік көрсеткіш;", "6) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне – 4,48 айлық есептік көрсеткіш;", "7) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруының салдарынан қайтыс болған адамдардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты қайтыс болған азаматтардың отбасыларына – 4,59 айлық есептік көрсеткіш;", "8) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, \"Ленинградты қорғағаны үшін\" медалімен немесе \"Қоршаудағы Ленинград тұрғыны\" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 2,56 айлық есептік көрсеткіш;", "9) Кеңес Одағының батырларына, \"Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы\" құрметті атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;", "10) Социалистік Еңбек ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, \"Қазақстанның Еңбек Ері\" атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;", "11) \"Халық қаһарманы\" атағына ие болған адамдарға – 138,63 айлық есептік көрсеткіш;", "12) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген), мемлекеттік наградалармен наградталмаған адамдарға – 2,13 айлық есептік көрсеткіш;", "13) 1988–1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға – 4,8 айлық есептік көрсеткіш;", "14) осы Кодекстің 177-бабының\n8-тармағында\nкөзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,71 айлық есептік көрсеткіш;", "15) осы Кодекстің 177-бабының\n8-тармағында\nкөзделген жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 0,74 айлық есептік көрсеткіш;", "16) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын мүгедектігі бар жеті жасқа дейінгі балаларға – 1,10 айлық есептік көрсеткіш;", "17) Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда Байқоңыр қаласында тұратын жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі:", "бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар балаларға – 1,71 айлық есептік көрсеткіш;", "үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 1,10 айлық есептік көрсеткіш;", "18) саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға – 1,23 айлық есептік көрсеткіш;", "19) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға 1,23 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады." ]
240
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
195-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
[ "1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу:", "1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операциялардың болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "2) хабарсыз кеткен адамдардың іздестіруде болу фактісінің анықталуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "3) ата-ана құқықтарынан және қорғаншы (қамқоршы) құқықтарынан айыру фактілерінің анықталғаны туралы, босатылған және шеттетілген қорғаншылар (қамқоршылар) туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте арнаулы мемлекеттік жәрдемақы баланың (балалардың) заңды өкіліне тоқтатылған күннен бастап не қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалған адамға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін жүргізіледі. Ата-ана құқықтары қалпына келтірілген кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеудің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;", "4) жәрдемақы алушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісінің анықталғаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте алушыға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "5) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің қолданылу мерзімінің өткені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "6) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеп жатқаны туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу қылмыстық-түзету жүйесінің мекемесінен босаған күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады.", "Егер мұндай арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы осы Кодекстің 190-бабы 3-тармағының\n6) тармақшасында\nкөрсетілген азаматтарға жататын болса, онда арнаулы мемлекеттік жәрдемақы отбасының бұған құқығы бар басқа мүшесіне қайта ресімделуі мүмкін;", "7) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілгеннен тыс көлемі ұсынылатын адамдарды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында стационар жағдайында тұруы және мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан шығарылған күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;", "8) медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісінің анықталғаны туралы хаттаманы ресімдеу туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу бақылау бойынша қайта куәландырылғанда бұрын шығарылған сараптамалық қорытынды расталған кезде тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;", "9) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың анық еместігі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.", "2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны төлеу арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы сақталған жағдайда арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың өткенін растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.", "3. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайда тоқтатылады." ]
241
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
14-1-тарау. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау
[ "Ескерту. 14-1-тараумен толықтырылды – ҚР 21.12.2023\n№ 49-VIII\n(01.01.2024 бастап қолданысқа\nенгізіледі\n) Заңымен." ]
242
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
195-1-бап. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдардың әлеуметтік қорғалу құқығы
[ "1. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде мыналардан:", "1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыдан;", "2) зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінен;", "3) жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемнен;", "4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемінен тұратын арнаулы әлеуметтік төлемге құқығы болады.", "Осы тармақта көзделген төлемдерге құқық еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскер еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды.", "2. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істемейтін Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде:", "1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыға;", "2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлеміне құқығы болады.", "3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген құқықтар:", "\"Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы\" Қазақстан Республикасының\nЗаңына\nсәйкес жүзеге асырылатын зейнеткерлік алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін;", "Қазақстан Республикасының\nЕңбек кодексіне\nсәйкес жүзеге асырылатын жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлемді қоспағанда, осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады." ]
243
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ
195-2 бап. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және жүзеге асыру тәртібі
[ "1. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы жүгінген күннен бастап тағайындалады.", "Өтініштің және қажетті құжаттардың тіркелген күні немесе \"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы\" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға өтініш берушінің келісімін алған күн арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындауға жүгінген күн болып есептеледі.", "2. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны төлеу ағымдағы ай үшін жүзеге асырылады. Алушы қайтыс болған жағдайда арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы – қайтыс болған айды қоса алғанда, ал арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда кеткен айды қоса алғанда жүзеге асырылады.", "3. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.", "4. Тағайындалған, бірақ арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны алушы талап етпеген сомалар өткен уақытқа, бірақ оларды алуға жүгінген күнге дейін үш жылдан аспайтын уақытқа төленеді.", "5. Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, оны төлеуді жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды." ]
244